Түркістан облысы Төлеби ауданында өнеркәсіп саласында 2021 жылы 34 млрд теңгенің өнімін өндіру жоспарланып отыр. Межеге жету үшін биыл құны 2 млрд 550 млн теңгені құрайтын 2 ірі инвестициялық жоба іске асырылады.

Қазіргі таңда «Ленгер машина жасау зауыты» ЖШС-де жаңарту (реконструкциялау) жұмыстары жүргізіліп жатыр. Зауыт іске қосылғанда тәулігіне 200 мың тонна темір бұйымдары шығарылмақ. Нысан құрылысы аяқталғанда 250 адам жұмыспен қамтылатын болады.

Сондай-ақ, Ленгір қаласында «KAZPLAST» ЖШС киім тігу цехы іске қосылады. Құрылыс жұмыстары жыл ішінде бастау алады. Цехта 250 адам жұмыспен қамтылмақ.

Жалпы, ауданда әртүрлі салада жаңадан жеке қаржылар есебінен 7 млрд 45 млн теңгеге 20 жоба іске қосылады.