Төлеби ауданында жаңа оқушылар үйі салынады

107

Төлеби ауданының орталығы Ленгір қаласында 80 орындық оқушылар үйі бой көтеретін болады. Заманауи жаңа ғимараттың былтыр жобалау жұмыстарына тапсырыс берілген.

Биыл «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында нысанның құрылыс-монтаж жұмыстарын қаржыландыру қолдау тауып отыр. Оқушылар үйінде жеңіл атлетика, еркін күрес, қолөнер бағытында «мүсінші», «тігінші» және тілдік бағытта «өнерлі бала» үйірмелері жұмыс істейтін болады.

Айта кетейік, ескі аудандық оқушылар үйінің ғимараты 1937 жылы шахта жұмысшылары үшін жатақхана ретінде салынған. Соғыс жылдарынан кейін ғимарат қалалық №7 бастауыш мектебіне, 1960 жылдан бастап №5 орта мектебінің бастауыш сынып оқушыларына берілген. Ал, 2010 жылдан бері аудандық оқушылар үйі ретінде қолданыста. Онда оқушыларға үйірме жұмысын жүргізуге ғимараттың бөлмелері жеткіліксіз болған. Сондықтан заман талабына сай оқушылар үйі бой көтермек. Жаңа білім ұясы Төлеби ауданы оқушыларының білім көкжиегін кеңейтуге сеп болары анық.

QAINAR KÓZТүркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі