Түркістан облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Әлібек Өмірәлиев 10-шы қаңтарда облыс аумағында өткізілген ҚР Мәжілісі мен мәслихаттарының сайлауының қорытындысын жариялады.

Сайлауға тіркеуден өткен бес саяси партиялар, атап айтақанда «Қазақстан халық партиясы, «Нұр Отан», «Ауыл», «Ақ Жол» және» Адал» партиялары қатысты. Аталған партиялардан партиялық тізімдері бойынша мәслихат депутаттарының сайлауына барлығы -833 кандидат қатысты. Түркістан облысы бойынша  1163196 сайлаушының  763 454-і өз таңдауларын жасап, дауыстарын берді.

Дауыс беру қорытындысымен облыс, аудан және қалалар бойынша мандаттар төмендегідей бөлінді:

Облыс мәслихатына – 45 мандат
Қалалық мәслихаттарға- 47 мандат
Аудандық мәслихатқа -228 мандат

Саяси партиялар арасында барлық мәслихаттарға депутаттық мандаттар төмендегідей ретте бөлінді:

Қазақстан Халық партиясы     1 мандат
«Нұр Отан» партиясы          263 мандат
«Ауыл» партиясы                  32 мандат
«Ақ жол» партиясына            24 мандат
«13-ші  қаңтарда дауыс беру қорытындысымен мандатқа ие болған саяси партиялар депутаттыққа кандидаттардың тізімдерін облыстық сайлау комиссиясына ұсынады. 14-ші қаңтарда сасяи партиялардың ұсынған тізімдерін комисссияның отырысында тіркеу жөнінде хаттамалық шешім қабылданып, 15-ші қаңтарда сағат 100-де облыстық мәслихаттың  жетінші  шақырылымындағы алғашқы бірінші сессиясы өтеді. Онда жаңа сайланған мәслихат депутаттарын таныстырып, оларға депутаттық куәліктер мен төс белгілер табыс етіледі»,-деп баяндады БАҚ өкілдеріне арнайы ұйымдастырылған баспасөз мәслихатында  Түркістан облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Әлібек Өмірәлиев.

Облыс мәслихатындағы 45 депутаттың «НұрОтан» партиясынан үлесі- 37 орын, «Ақ жол» мен  «Ауыл» партияларынан 4 орын әр қайсысынан.

Шынар Оразова