«Қазгидромет» РМК  Түркістан облысы бойынша филиалы  таратқан ауа – райы жайлы  мәліметке тоқталсақ.

Жанат Жарменова, инженер-синоптик: «Түркістан облысы аумағындағы ауа райына суық  антициклон әсерін тигізеді. 4-ші қаңтарға дейін өңірдің кейбір жерлерінде тұман, солтүстік-шығыстан тұрған желдің  екпіні 9-14 м/сек, солтүстік аудандарда желдің екпіні 15-20 м/сек жетеді. 3-ші қаңтарда түнде -7-12 градус аяз болса, күндіз  сынап бағанасы – 5 градус аязды көрсетеді. Солтүстік аудандарда түнде -17-20 градус аяз, күндіз -5-10 градусқа дейін төмендейді.

Шымкентте  жауын -шашынсыз, алайда тұман. Түнде ауа температурасы 9-11 градус аяз, күндіз 0-2 градусты көрсетеді».

Шынар Оразова