Түркістанда жыл ішінде 10 мыңға жуық сәби дүниеге келді

62

 

2020 жылы облыс орталығында босану саны 2210-ға артып, көрсеткіш 9755-ті құрады. Ал, 2019 жылы жылдық көрсеткіш 7545-ті көрсеткен еді.

Қаламыздағы 520 маман қызмет ететін №3 Перинаталдық орталық жыл сайын оң нәтижесін көрсетіп келеді. Мәселен, былтыр қолайлы жағдай жасау мақсатында 150 төсектік жаңа ғимарат пайдалануға беріліп, баклаборатория, жатыр мойны обырын скринингтік тексеру бойынша зертхана іске қосылды. Медициналық жабдықпен қамтамасыз ету 12 пайызға ұлғайды. Сондай-ақ, акушерлік қан кетуді тоқтату әдістемесі әзірленді және осы өнертабысқа әлемдік патент алынды.

Одан өзге, Түркістанды жасыл қалаға айналдырып қана қоймай, орталық аумағын жасыл желекке орандыру үшін 2020 жылы 3200 ағаш отырғызылып, бүкіл аумақта суару жүйесі жүргізілді. Сондай-ақ, ғимаратты газдандыру жұмыстары жүргізіліп, автономды электр және жылумен жабдықтау іске қосылды.