Үстел теннисінен ересектер арасында Қазақстан Чемпионаты қаңтар айының 11-17 аралығында Қарағанды қаласында өткен болатын. Чемпионатқа Қазақстанның барлық облысынан 15 команда қатысты.

Шымкент құрама командасы 3 алтын және 5 қола медаль жеңіп алды. Аралас жұптық разрядта Бахыт Анель – 1 орын иеленді.

Қыздар арасындағы жұптық разрядта Бахыт Анель – 1 орын, жекелей разрядта қыздар арасында Миркадирова Сарвиноз – 1 орынға табан тіреді. Ерлер арасында жұптық разрядта Жамал Бекұлан мен Артукметов Ирисбек – 3 орынды иеленді.

Қыздар арасында жұптық разрядта Сарвиноз Миркадирова – 3 орын, ерлер арасында жекелей разрядта Артукметов Ирисбек – 3 орынға шықты.

Командалық есепте ерлер құрамасынан – Жамал Бекұлан, Әкімәлі Бақдәулет, Ирисалиев Сарвар, Артукметов Ирисбек, Алтай Азамат – 3 орынға шықты.

Командалық есепте қыздар құрамасы Миркадирова Сарвиноз, Бахыт Анель, Азатова Озода, Шапей Таңшолпан, Усипбаева Аида – 3 орынды иеленді.

Медальдық есеп бойынша Шымкент құрамасы Қарағанды облысынан кейін 2-орынға тұрақтады.

Еткен еңбек пен төккен тер ақталды. Жерлестеріміз осылайша мерейімізді асырды.

Шынар Оразова