Өткен жылы 4776 шымкенттік тұрғын «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы арқылы екі қолға бір күрек тапты. Қарқынды жұмыспен қамтылу процессі қала әкімінің тапсырмасына сәйкес жүзеге асырылған.

Сондай-ақ, «Еңбек» бағдарламасының бірінші бағытымен 1196 адам техникалық және кәсіптік оқудан өтіп, 2000-ға жуық азамат қысқа мерзімді кәсіптік оқыту бойынша білім алды.

Нәтижесінде, 1394 адам жұмысқа орналасты. Ал, екінші бағыт бойынша, 7722 адам жаппай кәсіпкерлікті дамытуға қамтылған. Олардың 74-і шағын несие алса, 5000-ға жуық шымкенттікке жаңа бизнес жобалары үшін мемелкеттік грант берілді.

Ал, «Бастау бизнес» жобасы аясында 2820 адам бизнестік сауатын ашты. Бұдан бөлек, жұмыссыз жүргендер «Жастар практикасы» мен әлеуметтік жұмыс орындары мен қоғамдық жұмыс орындарына тартылған.

Нұрлан Сұлтанбек