14 жыл бұрын жоғалған анасын іздеп жүр

165

Шымкенттік Заман Нұрхан 14 жылдан бері анасын іздеумен келеді. Сәулегүл Дүйсеханова 2007 жылы жұмысқа кеткеннен сол күйі үйіне оралмаған. Перзенті жоғалған жақынын табудан әлі күдер үзбегенін келеді. Биыл анасы 63-ке толатынын айтқан ол 14 жыл бұрынғы көктемді тағы да бір еске алды.

Жақынынан көз жазған отбасы әлі күнге дейін анасының затын көзінің қарашығындай сақтап келеді. Таяуда сүйінші жаңалық жетіпті. Бәзбіреулер жоғалған Сәулегүлге ұқсас адамның қой бағып жүргенін байқапты.

Заманның сөзінше 2020 жылы күзде ақжаулықты құлдықтан қашып кеткен көрінеді. Қаладағы «Сана сезім» орталығы оңтүстікте мұндай заңбұзушылықтың аз еместігін айтады. Бұған жыл ішінде тіркелген 100-ден аса жағдай дәлел.

Мамандар құлдық куәсі болсаңыз, орталыққа хабарласуға шақырады. 14 жыл бұрын үйінен шығып, қайта оралмаған Сәулегүл Дүйсеханованы көргендерді де бей-жай қалмауға кеңес береді.

 Назерке Үкібасова