6 ақпанда Шымкенттегі онколгия орталығында ашық есік күні өтеді. Сенбі күні ұйымдастырылатын шарада мамандар тұрғындарды таңғы 9:00-денг бастап қабылдайды.

Осыдан түскі 14:00-ге дейін жалғасатын тексеру жұмыстары Халықаралық қатерлі ісікке қарсы күрес күніне орай өткізілмек. «Ашық есік» күні аясында онкохирург, онкогинеколог, онкомаммолог, онкоурологтың дәрігерлік кеңесі және онкоцитологиялық зерттеу, УДЗ, ЭФГДС, рентгенография, маммография зерттеулері тегін жасалады.

Назерке Үкібасова