Агроөнеркәсіп кешені және тамақ өнеркәсібіндегі проблемалар

145

Кәсіпкерлер палатасында агроөнеркәсіп кешені және тамақ өнеркәсібі, өңдеу өнеркәсібі, сауда және қызмет көрсету салаларын қамтыған үш комитеттің біріккен отырысы өтті.

Басқосуда алдымен шағын және орта бизнес өкілдеріне қалада аталған үш сала бойынша жүзеге асып жатқан жобалар жайы баяндалды. Сонымен қатар пандемияға қатысты енгізілген карантин шараларының кәсіпкерлердің жұмысына кері әсері әңгіме болды.

Жиында шағын және орта бизнес және қоғамдық бірлестіктердің өкілдері кәсібін жүргізу барысында туындаған мәселелер бойынша жергілікті биліктен қолдау сұрады. Мал шаруашылығы саласындағы ең өзекті мәселелердің бірі- шаруа қожалықтарының өнімдерін өткізе алмай, екіншіден жем-шөпке кеткен шығынды өтейтін субсидиялау ережесіне
Тахирбек Нишанбаев, агроөнеркәсіптік кешені және тамақ өнеркәсібі комитетінің мүшесі, кәсіпкер: «Шымкенттегі мал бордақылау және мал сою бкеттері малдың субөнімдерін экспортқа шығара алмай отыр. Түркия мен Қазақстан ауыл шаруашылығы министрлігі арасында Түркияға өнімді импорттау туралы келісім болмағандықтан, қазақстандық компаниялар өнімдерін эспорттай алмауда. Осы мәселені қала әкімдігі шешіп берсе».

Жиынға төреғалық еткен қала әкімінің орынбасары Айбек Саттыбаев бұл өзекті мәселе бүгінде жоғары деңгейде талқыланып жатқанын жеткізді.

Құс тұмауына қатысты құс шаруашылығында орын алған қиындықтар жайы да жиында баяндалды. Ауыл шаруашылығы басқармасы өнімнің көлемін былтырғы жылдың басындағы көрсеткішке жеткізу бағытында  шаралар жүргізіліп жатқынан жеткізді.  Биыл жылдың соңына дейін екі құс фабрикасы іске қосылады.

Жиынды ұйымдастырушы кәсіпкерлер палатасы отырыста көтерілген барлық мәселелер хаттамаға енгізіліп олар бойынша жұмыс жүргізілетініне сенім білдірді.

Шынар Оразова