Бұл туралы Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов 2020 жылдың қорытындысы бойынша онлайн форматта халық алдында есеп беру кездесуінде айтты.

Шымкентте кәсіпкерлікке қолдау көрсетіп, инвестиция тартуға басымдық беріліп отыр. Соның арқасында былтыр инвестиция көлемі 41 пайызға өсіп, 278,5 млрд.теңгеге жетті. Өсім бойынша, республикада 17-орыннан 2-ші орынға шықты.

Өткен жылы 2020-2025 жылдар аралығында іске асатын инвестициялық жобаның базасы әзірленді. Оған құны 1,4 трлн.теңге құрайтын 157 жоба енді.

– Биыл Шымкентке 330 млрд. теңгеден астам инвестиция тарту жоспарланды, өсімі 26 пайызды құрамақ. Әр инвестордың Шымкентке салған инвестициясы қаламыздың әлеуетін арттырады. Сондықтан инвесторларды қолдауға шақырамын, – деді М.Әйтенов.

QAINAR KÓZШымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығы