COVID-19 қарсы вакцинация: Екпені қайта салу қажет болады — дәрігер-иммуннолог

124
фото ria.ru

UMC клиникалық иммунология, аллергология және пульмонология бағдарламасының жетекшісі, «АМУ» КЕАҚ нефрология, гематология, аллергология және иммунология курсы ішкі аурулар кафедрасының аға оқытушысы Елена Ковзель айтуынша, жақында шыққан клиникалық материалда «Спутник V» вакцинасының Ұлыбританияда жаңа штамға протективті әсері жарияланды.

Ұлыбританияда, Испанияда жүргізілген ғылыми зерттеулер вирустың түрлі штамы, соның ішінде қарапайым короновирус арасында кросс-реактивтіліктің бар екенін дәлелдеді. Зертханалық зерттеулер бойынша COVID-19 жұқтырған халықтың 20-50% және Т-жасушалық жадта 19% көрсетті. Бұл «Спутник V» короновирустың басқа штамдарынан да қорғай алатынының ғылыми дәлелі.

Коронавирусқа қарсы вакцинациядан кейін иммунитеттің қанша сақталатыны уақыт еншісінде. Ғылыми негіздегі зерттеулер оның тұмау вирусымен ұқсастығын көрсетеді. Әзірге клиникалық зерттеулерде вакцинацияланған адамдардың иммунитетін ғана мысал ретінде қарауға болады. Аурудан кейін антидене деңгейі біртіндеп төмендейтінін және кейбір жеңіл түрде ауырған науқастарда ол мүлдем анықталмайтындығын ескере отырып, вакцинацияны қайталау керек. Тиісінше, жазылып шыққандарға да екпе салу қажет, — дейді сарапшылар.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда COVID-19-ға қарсы вакцина пациент екпе туралы толық ақпарат алған соң, ерікті түрде келісімімен салынады.