Шымкент қаласында автомобиль газ толтыру компрессорлық станциясының (АГНКС) құрылысы жоспарға сай атқарылуда.
2020 жылы қоғамдық көліктерді жаңарту мақсатында метан газымен жүретін 590 автобус алынды. Аталған автобустарды газ-метанмен қамтамасыз ету мақсатында қала аумағында газ толтыру компрессорлық станцияларын салу жоспарланған еді.
Бұл ретте отандық инвестор «АГНКС Қазақстан» ЖШС-мен келіссөздер жүргізіліп, газ (метан) станциясын өз есебінен салу келісілген. Инвестицияның көлемі — 2 млн АҚШ доллары.
Бүгінгі таңда нысанда метал конструкцияларын орнату, инженерлік желілерді өткізу және құрылғылардың монтаж жұмыстары жүргізілуде. Газ компрессорлық станциясын биыл сәуір айына дейін іске қосу жоспарлануда.