«Гранд-Прагадағы» атыс бойынша сот процесі басталды

154

Шымкенттегі «Гранд-Прага» мейрамханасында орын алған қанды қылмысқа қатысты сот отырысы басталды. 6 айға жуық жалғасқан айға жалғасқан тергеп-тексеру амалдарынан кейін іс ақыры сотқа жетіп, куәгерлерден жауап алынды.

Айта кетейік, атышулы іске 5 адам күдіктелуде. Алайда, оның 4-еуі ғана ұсталған. Осылай деген жауаптылар істің 6 бап бойынша қозғалғанын айтады.

Шымкентте өткен жылдың ең атышулы қылмыстық ісіне қатысты сот отырысы басталды. «Гранд-Прага» мейрамханасында орын алған қанды оқиғаға қатысты тергеп-тексеру ақыры аяқталып, күдіктілер, жәбірленушілер мен куәгерлер сотта бас қосты.

Елді дүрліктірген істің жай-жапсарын жәбірленушілер сот залынан тыңдаса, күдіктілер уақытша ұстау абақтысынан онлайн қатысты. Ал, куәгерлер өз шындықтарын қашықтан айтты.

Кәугер: «Ғани келіп менің күйеуімнен «бір жігіт келуге бола ма?» деп сұрады. Күйеуім оған «келсін» деді. Сол кезде бір жас жігіт келді. Ол бәрімен амандасты, тіпті менің күйеуімді құшақтады. Содан кейін күйеуім “отыра беріндер, қазір келемін” деді. Олар сыртқа шықты. Бірнеше минуттан кейін мен құрбым екеуіміз әжетханаға бардық. Әжетхана 2 қабат төмен орналасқан. Бірнеше минуттан кейін жоғары көтерілдік. Мейрамханадағы әкімші қыз жылап тұрды. Олар мені кіргізбеді. Мен атыстың дауысын естіген жоқпын».

Оқиға орнында болдым деген бұл келіншек өзін жәбірленушінің әйелімін деп таныстырды. Сөзінше қанды қылмыста жарақат алған оның күйеуі әлі де ауыр халде жатыр екен. Айта кетейік, «Гранд-Прагадағы» атыс ісі бойынша куәгерлердің екеуі әйел.

Куәгер: «Күйеуім тіпті екі минутқа далаға да шыға алмайды. Оның жағдайы өте ауыр. Күніге қызуы көтеріледі. Ол ұйқылы ояу жатады. Тіпті мүлдем денесін көтеріп, отыра алмайды».

Еске сала кетейік, «Гранд-Парага» мейрамханасындағы атыс былтыр тамыз айында орын алған еді. Қанды оқиға салдарынан бір адам ажал құшты. Тағы бірі ауыр халде жатыр. Атышулы істегі былық мұнымен бітпейді. 6 бап бойынша қозғалған бұл істе өзін-өзі өлтіруге жеткізу және жалған ақпарат тарату айыптары да бар.

Айдос ЛЕБАЕВ, прокурор: «Өлтіру және кісі өлтіруге қатысты 3 адамға қатысты қылмыс және де жалған ақпарат тарату, әлеуметтік желілер арқылы, сондай-ақ, қару қолдану, қаруды заңсыз иемденіп алып жүру, тасымалдау сол қылмыс бойынша 3 сотталушыға қатысты айып тағылған. Ал, 4-ші сотталушыға қатысты ол жалған ақпарат тарату және адамды өз өзіне өлтіруге дейін жеткізу баптары бойынша».

Соты басталған қылмыстың іске күдіктілер әлі түгел құрықталған жоқ. Бір күдікті әлі іздестілуде. Қаланың бас полицейі оны бұған дейін Қазақстан ішінде жүр деп мәлімдеген болатын. Айта кетейік, кейбір дереккөздерінде мәліметінше, бұл қанды оқиғаға қылмыс әлемінің серкелері арасындағы өзара текетірес себеп деген нұсқа бар.

Назерке Үкібасова