Жыл басынан бері 15 шымкенттік коронавирустан қайтыс болды. Бұл туралы бүгін қаланың бас дәрігері мәлімдеді.
Бақытжан Позилов сөзінше індет мереке күндерінен кейін күшейген. Содан бері 472 азаматтан тәжівирус табылып, 442 ем дом алуда. Осылай деген денсаулық сақтау басқармасының басшысы вирустың беті бері қарамағанын айтады.
Бұдан бөлек жауаптылар вирусқа қарсы вакцинаны 705 медицина қызметкерінің қабылдағанын жеткізді. Сөздерінше жыл басынан бері бірде-бір ақ халаттыдан қатерлі індет табылмаған.
Осылай деген басқарма басшысы наурыз басында отандық вакцинаның жеткізілетінін айтады. «Казковид» педагогтар мен полицейлерге салынбақ.
Назерке Үкібасова