Қазақстан коронавирустың «жасыл аймағында». Бұл туралы еліміздің бас дәрігері мәлімдеді.

Алексей Цой сөзінше мерекеден кейін күрт өршіген індет беті енді бері қарай бастаған. Жаңа жылдан кейін вирустың дендеп кеткенін айтқан министр Наурыз мерекесінде де елді үйде отыруға шақырады. Әйтпесе эпидемиологиялық ахуал қайта күшеюі мүмкін деп отыр.

Бұдан бөлек, бас дәрігер вакцина салу барысын да баяндады. Алексей Цой 10 күннің ішінде 13 мың ақ халаттының екпе қабылдап үлгергенін айтады.

Назерке Үкібасова