Облыс басшысы Полиция департаментіне, Төтенше жағдайлар департаментіне жан-жақты тергеу жүргізуді, болған оқиғаға кінәлілерді табу және жазалауды тапсырды. Қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.
Денсаулық сақтау басқармасының психологтар тобы қайтыс болған жандардың туыстары мен жақындарына көмек көрсетеді. 5 азаматтың денесін жерлеу орнына жеткізу үшін көлік ұйымдастырылды, жерлеуді ұйымдастыруға қосымша жәрдем көрсетіледі.
Сондай-ақ 28 ақпанда сағат 11-де барлық мүдделі органдардың қатысуымен баспасөз конференциясын өткізу туралы шешім қабылданды.