Өткен тәулікте қалада коронавирус инфекциясын жұқтырған 9 жағдай тіркелді

116

Өткен тәулікте қалада коронавирус инфекциясын жұқтырған 9 жағдай тіркелген болса, 1 науқас емделіп шықты.

Жалпы, Шымкент қаласында 2020 жылдың 24 наурызынан 1 ақпанға дейінгі аралықта COVID-19 ауруының 5876 жағдайы тіркелген. Оның 2995-ы симптомды болса, 2881-і симптомсыз. Қазіргі уақытта 400 науқас ем қабылдауда.

Шымкент қаласы коронавирустық инфекцияның алдын алу мақсатында болуы ықтимал келесі толқынға үш жағдай бойынша дайындық жұмыстарын пысықтауда.
Бұл ретте, ең алдымен, 1220 төсек орынды қамтитын ағымдағы жағдай, екінші, маусымдық эпидемиологиялық жағдай нашарлаған жағдайда 4016-ға дейін төсек-орын санын арттыру, эпидемиологиялық дағдарыс орын алғанда қосымша 5 416 төсек-орын дайындау жоспарланған.

Айта кетейік, медицина мамандары қала тұрғындарына бұл індеттің әлі де қауіп төндіріп тұрғандығын айтып, дабыл қағуда. Дәрігерлер сақтық шараларын қатаң түрде сақтап, адам көп шоғырланған орындардан мейлінше аулақ болып немесе арақашықтықты сақтап, бетперде тағып жүруін ескертеді.