Мониторинг жасау кезінде әлеуметтік желіні пайдаланушылардың бірінің парақшасында жастар арасында орын алған төбелес жайлы жарияланған бейнежазбаны тапты. Оны тексеру кезінде оқиға Арыс ауданы ғимараттарының бірінде ресми іс-шара барысында орын алып, кейін көшеде жалғасқаны белгілі болды.

Аталған жайтты полицейлер ҚР ҚК-нің 293-бабы «Бұзақылық» бойынша СДТБТ-ға тіркеді.

Жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізіліп, Арыс АПБ-ның қызметкерлері төбелеске қатысушылардың жеке басын анықтады. Олар екі оқу орнының білімгерлері, яғни жас жергілікті тұрғындар болып шықты. Олар бірден полиция бөліміне жеткізілді. Төбелестен зардап шеккендер жоқ.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп, оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда. Сондай-ақ іс-шараны ұйымдастырушыларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы «Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтерді бұзу» бойынша материалдар жинақталып, әкімшілік хаттама толтыру үшін СЭББ-ға жолданды.

Сонымен қатар, бұл жайт бойынша бүгінгі күнге дейін полицияға ешкімнің арыз-шағым түсірмегенін хабарлаймыз.

QAINAR KÓZТүркістан облысы ПД-ның баспасөз қызметі