«Саналы ұрпақ-жарқын болашақ» тақырыбында онлайн конференция өтті

159

 

Шымкентте «Саналы ұрпақ-жарқын болашақ» тақырыбында онлайн конференция өтті.
Шараны өткізудегі басты мақсат — жас ұрпақтың бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, парасаттылық құндылықтарын дәріптеу болып табылады.

Кездесуге республикалық «Sanaly urpaq» жобалық кеңсесінің жетекшісі Қ. Токушев, Департамент басшысының бірінші орынбасары Т.Серікбаев, ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Сыбайлас жемқорлық мәселелерін зерттеу орталығының сарапшысы А.Қабылдин, қалалық білім басқармасы басшысының орынбасары А.Текебаева, «Шымкент-адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы Ж.Қамбар, қалалық ақпараттық-ағартушылық штабының мүшелері мен жоғарғы оқу орындары және орта арнаулы оқу орындарының басшылығы мен студенттері, жалпы 100-ден астам адам қатысты.

Онлайн режимде ұйымдастырылған шараны ашқан Талғар Серікбаев білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, парасаттылық құндылықтарын қалыптастыру мақсатында Департамент тарапынан атқарылған жұмыстардан хабардар етті.

Өз кезегінде қалалық білім басқармасы басшысының орынбасары А.Текебаева қаладағы «Адал ұрпақ» және «Саналы ұрпақ» клубтарының қызметімен таныстырып, алдағы жоспарларынан хабардар етті.

Сонымен қатар, конференция барысында қалалық ақпараттық-ағартушылық штабының мүшесі, Оңтүстік Қазақстан Медицина академиясының басқарма басшысы Е.Сәлім 2020-2021 оқу жылына арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы кешенді жоспарды орындау барысынан, ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Сыбайлас жемқорлық мәселелерін зерттеу орталығының сарапшысы А.Қабылдин білім беру ұйымдарындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент жүйесі жайынан хабардар етті.

Конференцияға арнайы қосылған «Sanaly urpaq» республикалық кеңсесінің жетекшісі Қайыржан Токушев оқу орындарында адалдық қағидаттарын енгізу, жастар бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымды қалыптастыру жайында баяндама жасады.

Сондай-ақ, ол жастарды адалдыққа, парассаттылыққа тәрбиелеудің маңыздылығына тоқталып, бүгінгі студент ертеңгі маман екендігін атап өтіп, елге адал болуға шақырды.
Сонымен қатар, ол жемқорлықтың алдын алу бойынша ұйымдастырылған шараларды мекеменің интернет-ресурстарында тұрақты түрде жариялап, ішкі талдау жұмыстарын өз деңгейінде өткізу және тағы да басқа білім беру мекемелеріне қатысты кемшіліктерге тоқталып, бұл бағыттағы жұмыстарды жандандыруды ұсынды.

Шараға қатысушылар сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті және академиялық адалдықты қалыптастыру бойынша жұмысты одан әрі жандандыра түсетіндеріктерін атап өтті.

Айта кетейік, қазіргі таңда Шымкентте жоғарғы оқу орындары және колледждерде 2000-ға жуық мүшесі бар 30 «Sanaly urpaq» клубы жұмыс жасайды. Ал, мектеп белсенділерінің басын біріктірген «Адал ұрпақ» клубында 96 мыңнан астам мүше тіркелген.