«Мигрант» іс-шарасы барысында іздеуде жүрген 4 қылмыскер ұсталды

113

Шымкент: «Мигрант» профилактикалық іс-шарасы барысында іздеуде жүрген 4 қылмыскер ұсталып, көші-қон заңнамасы бойынша 3 қылмыстық жайт анықталды

2021 жылдың 15-19 ақпан аралығында Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлерімен жүргізілген «Мигрант» профилактикалық іс-шарасы барысында Қазақстан Республикасына келіп-кету және болуы бойынша көші-қон заңнамасын бұзған 245 шетелдік және 74 Қазақстан Республикасының азаматы анықталды.

2018-2020 жылдар аралығында көші-қон заңнамасын бұзған 8 шетелдіктер сот шешімін орындамай жүргені анықталып, ел аумағынан шығарылды. Іс-шара барысында шетел азаматын заңсыз тұрғын үймен қамтамасыз еткен 59 және шетел жұмыс күшін заңсыз пайдаланған 15 Қазақстан Республикасының азаматтары анықталды. Оларға ҚР ӘҚБтК-нің 518 және 519-баптары бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

ҚР Қылмыстық кодексінің 394-бабы бойынша 3 жайт анықталды. Сондай-ақ, іздеуде жүрген 4 қылмыскер ұсталды. Қоғамдық орындарда қайыршылықпен айналысып, азаматтарды мазалап жүрген 3 шетелдік анықталды. Оларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 449-бабы 3-бөлігімен әкімшілік хаттамалар толтырылды.

 

QAINAR KÓZ Шымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі