Шымкент: Қаңтар айынан бері 39 оқушыдан коронавирустық инфекция анықталды

134

Бесінші сынып оқушысының анасына күндізгі немесе онлайн оқыту форматын таңдаудың қажеті болмады. Себебі Татьяна Салимованың ұлы оқитын мектеп карантинге жабылды.

Шымкентте қашықтан оқытуға тоғыз мектептің оқушылары қайта оралды. Кейбір оқу ұяларында қауіпті инфекцияны оқушылар жұқтырса, ал басқаларында-КОВИД-19 мұғалімдерден анықталыпты. Кезекші сыныптар инфекцияның бір жағдайы тіркелгеннен жабылып қалған.

Роза АХАНОВА, Шымкент қаласы тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің бөлім басшысы: «Әрбір жағдай бойынша эпидемиологиялық тексеру жүргізіледі және міндетті түрде дезинфекция жасалынады және карантин белгіленеді. Бүгінгі таңда 9 мектепте карантин. Олар: № 18, 6 , 66 ,104 мектеп, Назарбаев Зияткерлік мектебі, Бәйтерек мектебі, 22 және 35 мектеп кеше осы мектепте КВИ тіркелді».

№35-ші қалалық мектепке екі апталық карантин енгізілді. Оқу орны бос, оқытушылар құрамы мен оқушылар қашықтан оқуға ауысты.

Бағдат ОТАУБАЕВ, №35 мектеп директорының орынбасары: «Бүгіннен бастап біз карантинде тұрмыз. Мектеп ішінде ешкім жоқ. Бүгін бізге дезинфектор мамандары келді, мектептің әр бұрышын арнайы дезинфекциялық ерітіндімен өңдейді. 14 күнге мектеп жабылды».

Қыркүйек айының басынан бастап Шымкентте 17 қалалық мектеп карантинге жабылды. Олардың 8-і оқшауланудан сәтті өтіп, күндізгі форматқа оралған. Қаңтар айынан бастап 39 оқушыдан коронавирустық инфекция анықталды. Санитар дәрігерлердің айтуынша олардың көпшілігі індетті үйде жұқтырған.

Олжас Айдарбек