Шымкентте ұн өндірушілер мен бидай өңдейтін кәсіпорындардың өкілдерімен жиын өтті.
Шымкентте ұн өндірушілер мен бидай өңдейтін кәсіпорындардың өкілдерімен жиын өтті. «QazTrade» сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ – Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің отандық өңделген тауарларды сыртқы нарықтарға ұсынуға ықпал ететін операторы болып табылады.
«Осындағы ұн өндірушілердің атынан сіздерге рахмет, сонау жерден келіп отырсыздар. Мәселелер көп. «ҚазТрейд» қазақстандық кәсіпкерлерге үнемі қолдау көрсетіп келеді»,- деп басшыларға алғыстарын жеткізген Оңтүстіктің ұн өндірушілер мен бидай өңдейтіндерді астықты тасымалдау, тариф, субсидиялау мәселелері толғандырады.
«Тоннаж мәселесін біз зерттеуге дайынбыз. Сала мамандарымен ақылдасып анықтап көрейік. Ұсыныстарыңыз қолдау тапса, ол бойынша да жұмыс істейміз»-деп уәде берді
«QazTrade» сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ бас директоры.
«Астық Транс» АҚ ішкі нарықтағы тасымал жөніндегі маркетингтік саясаты бүгінде өзекті. Вагон паркін жаңалау қыруар қаражатты талап етеді.
Түскен инвестициялар тек вагондық парктің қызметін ұзартуға және вагон құрамасын жаңартуға жұмсалады. «Вагонды бір тәулікке беру құнына тоқталсақ. Ішкі тасымалдағы вагондардың нормативтік айналымы қазіргі таңда 11 тәулікті құрайды. Осы норма бойынша тасымалға есептейміз. Іс жүзінде ол 16/7 тәулікті құрайды. Алайда осы қосымша тәуліктер бойынша біз есеп ұсынбаймыз»,- дейді «Астық Транс» АҚ президенті.
Кездесудің соңында өзара тиімді ынтымақтастық жөнінде меморандумқа қол қойылды. «АстықТранс» және «QazTrade» сауда саясатын дамыту орталығы» акционерлік қоғамдары саладағы жағдайды тұрақтандыруға ықпал етеді.
Шынар Оразова