2018 жылы Құрбан айт кезінде ДАИШ-те адамды құрбандыққа шалған… Ер адам Сириядағы сәттерін қорқынышпен еске алады. Ол ДАИШ террористік ұйымының қатарында соғысқанына өкінетінін айтады. Оның айтуынша, басынан кешкен қиын кезеңдері әлі күнге дейін маза бермейді.
«2008 жылы мен Абуханифа мектебінде намаз оқуды бастадым. Таныстарымның әсерінен екі айдан кейін мен салафизмге бет бұрдым. Содан кейін мен оқуымды жалғастыру үшін Египетке баруды жөн көрдім. Әйел алып, Каирге көшіп кеттім», — дейді ол.
Ер адам не үшін Сирияға кетуге шешім қабылдағанын өзі де түсінбейді. Ол гипнозға түскендей болғанын айтады. Алдымен жалған ислам негіздерін үйренген. Содан кейін радикалдар жағында соғысу үшін соғыс қимылдары алаңына аттаныпты.
«Бір жылдық оқудан кейін маған Сирияға бару ұсынылды. Олар нағыз мұсылман сол жерге барып, өзінің исламға сенетіндігін дәлелдеуі керек деді. Үш айдан кейін дағыстандықтар маған Сирияға билет сатып алды. 2013 жылдың наурыз айында мен ол жаққа бардым. 2014 жылы ДАИШ тобына кірген кезде мен халифат ұғымының исламға қайшы екенін түсіндім», — дейді.
Сириядан оралған оған ауыр қылмыстары, соның ішінде террористік лагерьлерде дайындықтан өткені үшін айып тағылды. Ол бұл қылмысты Қазақстанда тыйым салынған «Ислам мемлекеті» ұйымының жақтаушылары ретінде жасады. Айыпталушы 8 жылға бас бостандығынан айырылған. Жас жігіт түрме соғыс пен өлімнен гөрі жақсы деп санайды.
Олжас Айдарбек