Түркістан облысында өңделген ауыл шаруашылығы өнімінің эскпорт көлемі 5 есе артқан

155

 

Түркістан облысында Елбасы тапсырмасы мерзімінен бұрын орындалды. «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты 2018 жылғы Қазақстан халқына Жолдауында Елбасы 5 жыл ішінде агроөнеркәсіп кешеніндегі еңбек өнімділігін және өңделген ауыл шаруашылығы өнімінің экспортын 2,5 есеге арттыруды тапсырған болатын.

Өткен жылғы жұмыс нәтижесі бойынша Түркістан облысында өңделген ауыл шаруашылығы өнімінің экспортының көлемі 5 есе өсіп, 105,1 млн. АҚШ $ -ға жетті. Биыл да бұл көрсеткішті арттыру көзделген. Осылайша Түркістан облысында бес жылдық жоспар қысқа уақытта артығымен орындалып отыр. Өңірде мал басының өсімі екі жылда 13% артқан. Аналық ірі қара малды импорттау мен тұқымдық түрлендіру бойынша Түркістан өңірі елімізде 2-орында. Бұл мақсатта үш жылда 20 мыңға жуық мал сатып алынған. 2 жылда жалпы мал өнімінің өсімі 8,5% артты. Биыл да бұл көрсеткіш едәуір артпақ.

Шынар Оразова