Күні кеше Тауке хан даңғылы бойында «Лексус» маркалы автокөлігінің жүргізушісі автокөлігін тротуарға қойып, жаяу жүргіншілердің қозғалысына кедергі жасап, жол жүру ережесін бұзған.
Аталған жайт бойынша Шымкент ҚПД Патрульдік полиция полкінің қызметкерлері тексеру жұмыстарын жүргізу барасында автокөліктің жүргізушісін анықтап, оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 597-бабы 2-бөлігімен әкімшілік хаттама толтырылды.
Құрметті жүргізушілер және жол қозғалысының қатысушылары, Сіздерді жол қозғалысының басқа қатысушыларына құрметпен қарауды және жол қозғалысы ережелерін сақтауды сұраймыз.