Жүргізуші куәліктерін беру бойынша 10 мыңнан астам қызмет көрсетілген

200

Шымкент қаласының полиция департаментіндегі әкімшілік полиция басқармасымен 9 мемлекеттік қызмет көрсетілуде.

Олардың арасында жүргізуші куәлігін беру, көлік құралдарының жекелеген түрлерін көлік құралдарының сәйкестендіру нөмірімен мемлекеттік тіркеу және есепке алу  басқармаға қарасты процессинг орталығымен жүзеге асырылады.  Қаңтарда  жүргізуші куәліктерін беру бойынша  10 мыңнан астам қызмет  мемлекеттік корпорация және егов үкімет порталы арқылы көрсетілген.

Ерғали Сүлейменов, Шымкент қаласының ПД Әкімшілік полиция басқармасының бастығы: «Қаңтарда көлік құралдарының жекелеген түрлерін көлік құралдарының сәйкестендіру нөмірімен мемлекеттік тіркеу және есепке алу бойынша 48 мыңнан астам қызмет көрсетілген. Мұнда да ол қызмет түрлері екі әдіспен мемлекеттік корпорация және егов  арқылы жүзеге асқан».

Шынар Оразова