1 миллион теңге шығын келтірген күдіктілер ұсталды

166

 

Шардара АПБ-не мекеменің басшысы арызданып келеді. Ол өзінің арызында Шардара ауданы Қоссейіт ауылының жақын маңайында ашық жерде жатқан өзіне тиесілі ұзындығы 11 метр болатын 9 дана және ұзындығы 5 метр болатын 3 дана металл құбырларын белгісіз біреулердің ұрлап кеткенін көрсеткен.

Жәбірленушіге келтірілген шығынның көлемі 1 миллион теңгені құрады. Аталған жайтты полицейлер бірден ҚР ҚК-нің 188-бабы «Ұрлық» бойынша тіркеп, шұғыл іздестіру жұмыстарын бастап кетті.

Жедел-іздестірудің нәтижесінде жергілікті полицейлер құбырды жер қойнауынан алуға жұмылдырылған жұмысшыларды анықтады. Содан тәртіп сақшылары олардан құбырларды алуға кім жібергенін сұрайды. Сұрастыру барысында күдіктіге қатысы бар 2 жас жігіт анықталып, бөлімшеге жеткізілді.

Тергеу барысында 2 күдікті Шардара ауданына қарасты Қоссейіт ауылың тұрғындары екені белгілі болды. Сонымен қатар айғақты зат ретінде темір кесу үшін пайдаланылған 3 дана газ баллон тәркіленді. Тәртіп сақшылары күдіктілердің аталған металл құбырларын бөлшектеп, металл алатын сауда орындарына сатпақ болғанын анықтады. Бүгінгі таңда 2 күдікті азаматтың бас шарасы қолхатта. Күдіктілерге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Түркістан облысының полицейлері азаматтарға өз мүлкін қараусыз қалдырмауға кеңес береді, бұл ұрылар үшін оңай олжа болуы мүмкін. Сондай-ақ өзіңіздің шаруашылық аулаларыңызды және ұйымдардың аумақтарын сенімді қоршаумен қоршап, бейнебақылау камерасы және күзет дабылын орнату қажет. Егер, сіз, ұрлықтың немесе басқа да қылмыстардың құрбаны немесе куәгері болсаңыз, тез арада полицияға 102 нөміріне хабарласыңыз.

QAINAR KÓZТО ПД-нің баспасөз қызметі