Ауа – райының қолайсыздығынан 2,5 мыңнан астам бағана құлаған

132

Түркістан облысында ауа райы қолайсыздығынан 2,5 мыңнан астам бағана құлаған. Алайда жарықсыз қалған тұрғындар мәселесі әлі толығымен шешілмеді. Атап айтқанда, қазіргі таңда Бәйдібек, Отырар мен Ордабасы аудандарының кейбір елдімекендері электр жарығы жоқ.

Естеріңізге салсақ, өткен демалыс күндері ауа райының күрт өзгеруінен Түркістан облысының бес ауданындағы елді-мекендер жарықсыз қалған еді. Қазіргі уақытқа дейін Кентау мен Арыс қаласында жарық толық қосылған.

Тұрғындарды әбігерге салған аумақтарға 20-дан астам бригада, 100-ден астам маман мен 30-дан астам техника жұмылдырылды. Орын алған жағдай облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің бақылауында. Барлық мүдделі органдардың қатысуымен штаб құрылған.

«Ордабасы ауданын аптаның соңына дейін бітіреміз. Отырар мен Бәйдібек ауыр түседі. Енді ол жерде 3 мың-4 мың распрессовать етеміз. 10 метрлік 9 метрлік опоралар құлаған. Солардың бәрі бізге көп уақыт алады. Ары барса 1 ай деп отырмыз», дейді мамандар.

Олжас Айдарбек