Баспанасыз азамат балаларымен бірге болуды армандайды

90

Айтбай Дүйсебаев балаларын сағынғанын айтады. Олар қазір балалар үйінде тәрбиеленуде. Ал Айтбай болса, халық арасында «бомжатник » деп аталатын әлеуметтік мекемеде тұрады. Ер кісімен біз мекеменің алдында әңгімелестік, карантинге байланысты ол жерге ешкімді кіргізбейді. Айтбай Дүйсебаев ұйқыдан оянғанда соңғы 7 жылда болған оқиғалар көз алдымнан кетпейді дейді. Өмірінің астаң-кестеңін шығарған күнді де ұмытар емес.

Айтбай Дүйсебаев: «4-ші тамызда қызымның туған күні болған. Әйелім сырқаттанып қалған еді. Мен оған:»Сен жата бер, біз Лиза екеуміз барлығын дайындаймыз»- дедім.

Кейін әйелінің өліміне ер кісінің өзін кінәлапты.

Айтбай: «Жұбайымның қан қысымы жиі көтерілетін еді. Дәрігер «240» деген еді, мен болсам ол мүмкін емес, менің қан қысымым «210» көтерілгенде инсультпен жатқан едім. Алайда дәрігер әйел азаматтары оған шыдайды,- деді».

Абақтыға 9 жылға қамалған ол 7 жыл жазасын өтеп шыққан. Сол аралықта баспанасынан айырылыпты, балалары  мемлекет қамқорлығына өткізілген. Қазір ол әлеуметтік мекемеде тұрса да, балалар үшін күресін тоқтатпақ емес. Қамқоршылық органдары оған балаларды алып кетуге рұқсат бермеген. Басты себеп – Айтбайдың тұратын жайы жоқ.

Қалалық білім басқармасындағылар Айтбай Дүйсебаев балалар үйінде тәрбиеленіп жатқан ұл-қыздарымен видео-аудио байланыс арқылы хабарласып отыратынын жеткізді. Заң балаларды алып кетуге тыйым салмайды, өйткені ол әке болатыны жөнінде 2020 жылы тиісті құжаттарды рәсімдеген. Алайда Айтбайдың баспанасы болмағандықтан және өзі әлеуметтік мекемені уақытша паналап отырғандықтан перзенттерін алып кете алмайды. Бұл қиындықтарға қарамастан азамат қол қусырып отырған жоқ, үйін еркінен тыс тартып алғанын сотта дәлелдеу үшін қажетті құжаттар жинақтап жүр.

Шынар Оразова