Кентауда қатты жел салдарынан үзілген жарық жүйелері жөнделуде

166

Күні кеше қатты жел және жауын шашын салдарынан сағат 13:35-те жоғары кернеулі Кентау қаласында 220 және Мырғалымсай кенорнындағы 220 қосалқы станцияларында Л-161. Л-162 110 кВ электр желілері апатты өшіп, Кентау қаласы жалпы тұтынушылар саны 9500-ге жуық абонент жарықсыз қалған болатын.

Қазіргі таңда «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС-нің Кентау электр желілері мекемесінің 5 бригада 6 техника 25 адам жұмылдырылып, ақауды ретке келтіру жұмыстары жүргізілуде.

110 кВ «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС линиясы №5 ЖЭО станциясының линиясының құлауына байланысты сағат 15:00-ден бастап 14 000 абонент жылусыз қалды. №5 ЖЭО 4 бригада 17 адам авариялық құрамы жұмыстар атқарып, қазіргі таңда №5 ЖЭО жарық жүйесі іске қосылып, үлкен магистралды құбырларға су жіберіліп, ақауды ретке келтіру жұмыстары жүргізілуде.

Дәл қәзіргі уақытта екі қазандық іске қосылды. Кешке дейін үшінші қазандық қосылатын болады.