Ордабасы ауданындағы әскери бөлімнен ұрланған қару-жарақ ісінен соң басы дауға қалған әскери бөлім командирінің міндетін атқарушыға қатысты сот отырысы қайта басталды. Еске салайық, өткен жылдың қарашасында сот оған 10 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындаған еді. Бірақ, үкіммен келіспеген айыпталушы тарап үкім заңды күшіне енбей жатып апелляциялыға берген

Осылайша үстінен 5 бап бойынша іс қозғалған Ержан Даутовқа қатысты қайта сот отырысы өтті. Және оған қатысты жаңа айыптау актісі таныстырылды.

Сайткамал АБДРАХМАНОВ, Шымкент қаласы әскери гарнизонының прокуроры: «Ол өзінің қылмыстық ниетін жүзеге асыру мақсатында 10/216 әскери бөлімінің байланыс торабын жүргізуші механик қызметін атқарып жүрген қатардағы жауынгер Алпысбаев қызметтік бөлмесіне шақырып алып, жұмысқа оның арқасында орналасқанын алға тартып, жұмысқа кіргенін қашан жуасың деп сыйақы талап еткен».

Назерке Үкібасова