«Өркендей бер, өр елім» байқаудың жеңімпаздары марапатталды

108

Үшінші мегаполисте алғаш рет әдебиеттің қос қанаты поэзия мен проза жанрынан сайыс өтті. «Өркендей бер, өр елім!» атты  тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай шығармалар жазып, бақ сынасты.

Байқаудың қорытындысы бойынша поэзия бағытында бас жүлдені Арайлым Мұратәлиева иеленді. Жас ақынның айтуынша, ол бала кезінен жыр шұмақтарын жазуға ынталанған.

Арайлым Мұратәлиева, жеңімпаз: «Мен өлең өлкесіне бала кезден келгенмін. Үшінші сыныптан бастап байқауларға көп қатыса бермеймін. Бірақ 1 ай бұрын осы байқау туралы естідім. Дайындалатын ештеңе жоқ. Екі күнде осы жырымды жаздым. Алдағы уақытта үлкен туындыларды жоспарлап отырмын».

Проза бағытында отыздан астам жас қатысса, поэзия бағытында қырықтан астам адам бақ санасты. Қала әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқанның айтуынша, бұл мүшәйра қазіргі әдебиеттің өркендеуіне және жастардың рухани қазынасын байытуға зор үлес қосады.

Шыңғыс Мұқан, Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары: «Бұл “Наурыз-Шымкенттен басталады” атты үлкен ұранның төнірегінде өтіп жатқан биылғы 14-24 наурыз аралығында өтіп жатқан ұзын сонар іс-шаралардың биігі. Жастар бар. Осындай ынталандыру болса, дер кезіңде көніл бөлінсе менің ойымша мықта ақындар да, мықты жазушылар да шығады».

Алдағы уақытта бұл байқауды жыл сайын дәстүрлі түрде өткізу жоспарлануда.

Сара Сахынбек