Парашютпен секіру құны — 21 мың теңге

350

Қала әкімі Сайрам тұрғын алабында орналасқан «Бүркіт» әскери-спорт базасының мүмкіндіктерімен танысты.

Мұрат Әйтенов егерде жергілікті кәсіпкерлер қызығушылық танытып, инвестиция құйса, мұнда парашютпен секіру спорт түрін дамытып қанай қоймай, туризмнің жаңа түрін ұйымдастыруға болатынын атап өтті. Бұл бағытта арнайы туристік тұжырымдамасы әзірленетін болды. Сонымен қоса, базаның арнайы маркетингтік жоспары ретінде медиа-план құрылып бекітілді. Жобаны жүзеге асыру жаңадан құрылған туризм және сыртқы байланыс басқармасы, құрылыс жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармаларына жүктелді.

Анықтама:
Әскери – спорттық базаның жалпы аумағы 256 гектарды құрайды. Әскери-спорттық база ҚР Қорғаныс министрлігінің теңгерімінде. Бүгінде ол жерде «Шымкент қаласының парашютты спорт федерациясы» қоғамдық бірлестігі базаның дамуы бойынша жұмыс атқарады. Мұнда 45 адамға арналған казарма, асхана, парашют қоймасы, авиа қойма, монша және бақша орналасқан.

Аталған базаның құрамында инструктор, ұшқыш, авиатехник пен дәрігері бар 12 қызметкерден құралған топ жұмыс жасайды. Бұл базаның өзекті мәселесінің бірі Абдулла-абад ауылынан аэродромға дейін жол қарастырылмағаны болып отыр.

Болашақта «Бүркіт» әскери-спорттық базасында тиісті басқармалар мен мекемелер тарапынан танымалдығын арттырып, балалардың  қызығушылығын арттыру мақсатында бірқатар іс-шаралар ұйымдастырылатын болады.

Шымкент қаласының туристік операторлары мен агенттіктерімен бірлесе «Бүркіт» әскери-спорттық базасына, туристік маршруттар әзірленеді. Қала аумағында орналасқан гид-эксркусоводтар үшін арнайы база орналасқан карталар мен бүктемелер жасалады.

Бұдан бөлек, қала әкімі база аумағында орналасқан балалар жатын орындары, дайындық, парашютпен секіру аумағында да болды. Жалпы парашютпен секіру құны 21 000 теңге. «Ал, егерде адам салмағы 90 килограмнан асса, 31 000 теңге болады. 2020 жылы парашютпен секірушілер саны 2000 адамнан асты», деп мәлімдеді,- «Бүркіт» әскери-спорттық базасының  басшысы Юрий Савченко.

Ағымдағы жылы, қалалық туризм басқармасының «Shymkent tourism center» ТАО-мен база мамандарына туристік сервис және маркетингті жетілдіру бойынша семинар-тренингтер ұйымдастыру жоспарлануда.
Келешекте, «Бүркіт» әскери-спорттық базасы аумағында туристік мәдени іс-шаралар ұйымдастырылатын болады. Болашақта «Бүркіт» әскери-спорттық базасы Шымкент қаласының туристік нысанына айналады.

Шынар Оразова