Пәтерден табылған әйел мәйіті: Жаңа деректер айтылды

147

Жалға берілетін пәтерлерімен әйгілі Шымкенттегі 8-шағын ауданда табылған әйел мәйітіне қатысты жаңа деректер шықты. Полицейлер әйелдің азаппен өлтірілгенін айтады. Болжам бойынша, оны алдымен басынан біренеше рет ұрып, кейін тұншықтырып өлтірген.

Жауыздың мұндай қатігездікке не үшін барғаны әлі де белгісіз. Белгілісі 38 жастағы әйел мен күдікті 8-шағын ауданнан пәтер жалдаған. Ал, қолы қанға боялғасын күдікті полицейлерді өзі шақырыпты.

Көпқабатты үй тұрғындары қайғылы жағдайдағы айғай шуды естуі де ғажап емес. Бірақ, оған көңіл аударуы екіталай. Себебі, аталған аумақ осындай бейәдептігімен әйгілі. Пәтерлерді сағатқа беруімен танылған аудандағы кәсіпке тоқтау да табылмай тұр. Бұған жалға берушілердің полицейлерден аяқ тартпайтыны дәлел екен.

Ал, қарапайым тұрғындар үшін бұл аудандағы кеш күн сайын үреймен батады.

Айғай-шу шыққаны үшін пәтер иелеріне айыппұл салынады. Олар 437 бап бойынша жұмыс күндері кешкі сағат 10-нан таңғы тоғызға дейін, ал демалыс күндері сағат он бірден таңғы онға дейін шу болса 14 мың теңге төлеуге міндеттеледі. Бірақ, учаскелік полицейлер оған қауқарсыз көрінеді. Себебі дәлел көрсетуге қажетті техника жоқ екен.

 Назерке Үкібасова