Шымкентте қоғамдық көліктер тәулігіне 2 рет, ал вокзал мен әуежай күніне бір рет дезинфекциядан өтеді. Қаладағы эпидемеологиялық ахуал тұрақты болғанымен, бұл шаралар қарқынды жүргізілуі қажет. Осылай деген жауаптылар бұл жұмыстарға 107 млн. теңге қаражат бөлінгенін айтты. Ал көрсетіліп жатқан қызметтің сапасы қандай? 

Шымкентте 1100-ден астам қоғамдық көлік бар. Қазіргі таңда оның 700-і жолаушы тасымалдауда. Көліктердің барлығы күніне 2 рет дезинфекциядан өтеді.

Короновирустық инфекцияның таралуына жол бермеу мақсатында залалсыздандыру шараларына 30 адам, 14 арнайы техника, 2 агрегат жұмылдырылған. Сондай-ақ көрсетіліп жатқан қызметтің сапасын арттыру мақсатында дезинфекциялық ерітінді зертханаларда тексеруден өтеді екен. Жауапты мекеме басшысы бұл жұмыстарға халықтың көңілі толып жатыр, ешқандай шағым жоқ сендіріп отыр.

Дәурен ТАУАСАРОВ, «Дезинфекция» медициналық мекемесінің басшысы:
«Бізге қазір ондай шағымдар түсіп жатқан жоқ. Өзі обстановкасы желіленген сияқты, біріншіден. Ал екіншіден халықта сұрақтар туындаған жағдайда бригадирлер бар, әсіресе мынау жұмыс дейді ғой, сол кездердер де жауап береді. Сондықтан сол кезде шешіледі. Күніне екі мезгіл жасалынады. Яғни, түс  кезінде соңғы станцияларда және сменадан кейін, яғни жұмыс аяқталғаннан кейін осы техпарктардың ішінде де жасалынады».

Залалсыздандыру шараларына мемлекеттен 107 млн. теңге қаражат бөлінген екен. Дезинфекциялық шаралар стандарттарға сай жүргізілгенімен, қоғамдық көліктерді таза ұстау жұмыстарына тасымалдаушы компанияның өзі жауапты.

 Мұқтар ҚОҚАНБАЕВ, Шымкент қалалық жолаушылар көлігі және автомобильдер жолдары басқармасы басшысының орынбасары:
«Оған тасымалдаушы жауап береді. Яғни автобустың егесі. Біз міндетті түрде ондай талап қоямыз. Егер де анықталған жағдай болса, тасымалдаушы басшылығына жібереміз. Бірден сол ақауды жойыңыз, сіздің мына жеріңіз шаң боп тұр екен, мына жеріңіз мынандай екен. Бірақ тазалықтар бойынша тасымалдаушыға міндетті түрде талап қойылады. Әр тасымалдаушыда міндетті түрде көлік жуу орындары бар өздеріңіз көріп отырғандай».

Қоғамдық көлік саласындағы дезинфекция шаралары өз деңгейінде жасалып жатқанымен олардың тазалығына қатысты шағымдар да аз емес дейді мамандар. Мұндай мәселелер тасымалдаушы компанияға ескертіліп, басты назарға алына бермек. Егер жолаушылар автобустардың тазалығына қатысты кемшіліктерді байқаса, жауапты басқарманың әлеуметтік желі парақшасында шағым түсірулеріне болады.

Мөлдір Ибадуллаева