ҚАУЛЫ

Шымкент қаласы

01.03.2021ж. № 5

Шымкент қаласының
Бас мемлекеттік санитариялық
дәрігерінің қаулысына өзгерістер
мен толықтырулар енгізу туралы

Мен, Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Абдиманап Кошкарович Тулебаев, Қазақстан Республикасының 2020 жылдың 7 шілдедегі № 360-VI ҚРЗ «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің 104 бабына, «Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы №67 қаулысына (бұдан әрі – ҚР БМСДҚ №67),

«Карантиндік шектеу шаралары және оларды кезең-кезеңмен жеңілдету туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы №68 қаулысына (бұдан әрі – ҚР БМСДҚ №68), «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 27 ақпандағы №9 қаулысына (бұдан әрі – ҚР БМСДҚ №9), «Шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді жүзеге асыру қағидаларын және пайда болу және таралу қаупі төнген кезде шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин енгізілетін инфекциялық аурулардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы №293/2020 бұйрығына сәйкес, COVID-19 аурушаңдығының тіркелуінің жалғасуына байланысты, вирусты пневмония ауруының өсуіне орай және халық арасында коронавирустық инфекцияның таралуын алдын алу мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. «Шымкент қаласының аумағында карантиндік, шектеу шараларын ұзарту туралы» Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 19 ақпандағы № 4 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) 2 тармақтың 2.1. тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

« 2.1. ас беру шараларын (толтырылуы 30%-дан артық емес, бірақ 50 адамнан артық емес) қоспағанда адамдардың көп жиналуына байланысты кез келген іс-шараларды өткізуге тыйым салынсын (естелік іс-шаралар, туған күндер, мерей тойлар, шығарып салу, құдалық, той, беташар және басқа)»;
2) 3 тармақтың 3.1. тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3.1. кеңсе қызметкерлерінің 30%-ын қашықтықтан жұмыс істеуге көшірілсін»;
3) 3 тармақтың 3.7. тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«3.7. мектептерде орналасқан қоғамдық тамақтану нысандарын қоспағанда, ашық алаңда және ғимаратарда орналасқан қоғамдық тамақтану нысандарында толтырылуы 50%-ға дейін, бірақ 50 орыннан асырмай жұмыс, демалыс және мереке күндері сағат 7:00-ден 24:00-ке дейін уақытын шектеумен жұмыс істеуге (келушелірге қызмет көрсетуге) рұқсат. Қоғамдық тамақтану нысандарында азық-түліктерден дайындық жасау, жинау-дезинфекциялау іс-шаралары қалыпты режимде жүргізілсін. Ас беру шараларын (толтырылуы 30%-дан артық емес, бірақ 50 адамнан артық емес) қоспағанда, салтанатты, естелік іс-шараларын өткізуге (корпоративтер, банкет, той, туылған күн, мерейтой, шығарып салу, құдалық, беташар және тағы басқа), қоғамдық тамақтану орындарында банкеттердің өткізілуіне және кальянды пайдалануға тыйым салынсын»;

4) 3 тармақтың 3.10. тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3.10. АЖБ бекеттері, АЖБ бекетіндегі дүкендер, автобөлшектер дүкендері, автоэкспресс (тамақты сыртқа шығару), байланыссыз қызметтер (автожуу, автомобильдерді, тұрмыстық техниканы, сағаттарды, телефондарды, компьютерлерді, аяқ киімді жөндеу, тігін ательесі, кір жуу, химиялық тазалау, кілттерді жасау, тұрмыстық үй қағидаты бойынша көрсетілетін қызметтер және тағы басқа) қалыпты режимде жұмыс жасасын»;
5) 3 тармақтың 3.11. тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3.11.туризм және халықтың тұруы бойынша қызметтер көрсету саласындағы нысандардың (қонақ үйлер, отельдер, санаториялық-курорттық ұйымдар, демалыс үйлері/базалары, туристік базалар және т. б.) жұмыстары қалыпты режимде ұйымдастырылсын»;

6) 3 тармақтың 3.12. тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3.12. ҚР БМСД №67 қаулысының талаптарын және күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтаған жағдайда, көрермендермен спорттық іс шараларды қоспағанда (көрермендердің толтырылуы 20%-дан артық емес, тамақ беруді ұйымдастыруынсыз), ойын-сауық іс шараларын, көрмелерді, форумдарды, конференцияларды, семинарларды, сондай-ақ отбасылық, салтанатты, естелік іс шараларды өткізуге, оның ішінде үйде және адамдар көп жиналатын өзге де іс шараларды өткізуге тыйым салынсын»;

7) 3 тармақтың 3.13. тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3.13. Ұлттық құрама командаларға, клубтық командаларға спорттық жаттығуға, қалалық командаларды даярлау үшін оқу-жаттығу жиындарын (30 адамнан аспайтын, қатынассыз термометрия, спорттық базада тұру) өткізуге рұқсат етілсін»;
8) 3 тармақтың 3.21. тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3.21. балалар ойын-сауық орталықтарының (ойын алаңдары, жабық үй-жайлардағы аттракциондар) жұмыс сағат 09:00 – 23:00 дейін толтырылуы 30%-дан артық емес, бірақ 50 адамнан артық емес болған жағдайда, қатынассыз термометрия, күшейтілген санитариялық – эпидемиологиялық режимді сақтай отырып ұйымдастырылсын»;
9) 3 тармақтың 3.22. тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«3.22. мәдениет объектілерінің (жеке және топтық репетицияларға 30 адамнан аспайтын қатысушылар), театрлардың, концерттік залдардың, цирктердің (сыйымдылығы 30% адамнан аспайтын, бірақ 100 адамнан артық емес, «InfoKazakhstan.kz» порталда тіркелуімен, бетперде кию режимі, әлеуметтік қашықтық және ҚР БМСД №67 қаулысының талаптары сақталған жағдайда) кітапханалардың, мұражайлардың жұмысы қалыпты режимде ұйымдастырылсын»;
10) 3 тармақтың 3.23. тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3.23. діни объектілерінің (мешіттер, шіркеулер, соборлар, синагогтар және тағы басқалар) жұмысы толтырылуы 30%-дан асырмай, бір адамға 4 ш.м алаңды қамтамасыз еткенде, күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимімен және ҚР БМСД №67 қаулысының талаптарын сақтаумен қалыпты режимде ұйымдастырылсын»;
11) 3 тармақтың 3.26. тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«3.26. көңіл көтеру мекемелерінің (караоке, компьютерлік клубтар, түнгі клубтар, боулинг орталықтары және тағы басқалар), букмекерлік конторларының және ойын клубтарының, оның ішінде онлайн режімінде өткізілетін лотерея ұтыс ойынын жүргізуді қоспағанда, лоторея ұтыс ойынын жүргізуге тыйым салынсын»;
12) 3 тармақтың 3.34 тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3.34. 2020-2021 оқу жылының үшінші тоқсанында жұмысты ұйымдастыру:
– контингенті 300 оқушыға дейін қалалық және ауылдық мектептерде сыныптардағы балалар саны 15 адамға дейін дәстүрлі форматта оқытуға;
– 2021 жылғы 1 наурыздан бастап жалпы білім беретін мектептерде 1-ден 5-сыныпқа дейін қоса алғанда, халықаралық мектептерде 1-ден 7- сыныпқа дейін қоса алғанда сыныпта 25 адамнан асырмай жинақтауды сақтаумен оқыту;

– оқу бітіретін сыныптар (9, 11 (12) сыныптар) үшін аптаның 6 күні ішінде аралас оқыту: пәндердің 70%-ын штаттық режимде, 30%-ын қашықтықтан оқыту (сыныпта 15 адамнан артық емес, әлеуметтік қашықтықты сақтау, 1 сыныпты – 1 кабинет қағидатымен оқыту, бір уақытта мектепте жобалық қуаттың 30%-нан аспайтын адамның болуы, санитариялық-дезинфекциялық режимді, бетперде режимін сақтауды күшейту);

– білім беру мекемесі әкімшілігінің шешімі бойынша сабақтан тыс уақытта 15 адамнан аспайтын топтарда оқушыларды жеке оқытуға рұқсат беру»;
13) 3 тармағы 3.40. тармақшасымен мынадай редакцияда толықтырылсын:
«3.40. бильярд клубтарының жұмысы сағат 07:00 – 24:00 дейін (толтырылуы 30%-дан аспайтын, әлеуметтік қашықтықты, бетперде режимін, қатынассыз термометрия және күшейтілген санитариялық – дезинфекциялық режимді сақтаумен) ұйымдастырылсын».
2. Осы Қаулы бұқаралық ақпарат құралдарда жариялансын, барлық мүдделі ведомстволар мен ұйымдардың назарына жеткізілсін және әлеуметтік желілер арқылы таратылсын.

3. Осы қаулының орындалуын бақылауды өз құзырымда қалдырамын.
4. Осы Қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

А.Тулебаев,

Шымкент қаласының
Бас мемлекеттік
санитариялық дәрігері