Шымкентте “Пробация” республикалық профилактикалық іс-шарасы жүргізілді

191

Қоғамнан оқшаулаусыз жазаға тартылған сотталғандар арасындағы қылмыстардың алдын алу үшін 15-24 наурыз аралығында «Пробация» республикалық профилактикалық іс-шарасы жүргізілді.

Бұл  іс-шараның негізгі мақсаты- есепте тұрған бас бостандығын айырумен байланысты емес жазаға сотталған тұлғалардың тарапынан болатын құқық бұзушылықты және қылмыстың қайталануын уақытылы анықтау үшін, тұрғылықты жерлері, әкімшілік деректер базасы және ішкі істер органдарының басқа да есептері бойынша тексеру.

Профилактикалық іс-шара барысында Шымкент қаласы бойынша ҚАЖ департаментінің Шымкент қалалық Пробация қызметі бөлімінің қызметкерлері және учаскелік полиция инспекторларымен бірлесіп, есепте тұрған сотталғандардың тұрғылықты жерлерін тексеріп,құқық бұзушылықтар анықталған жағдайда сотталғанға қатысты шаралар қолданылады.

Б.Абенова,
Шымкент қалалық №1 Пробация
қызметі бөлімінің инспекторы,
әділет аға лейтенанты