Шымкентте туберкулезге қарсы бір айлық шара басталды

329
Pulmonary Tuberculosis . Chest X-ray : interstitial infiltration at left upper lung due to Mycobacterium Tuberculosis infection

Шымкентте туберкулезге қарсы бір айлық іс-шара басталды. Жоба дүнеижүзілік өкпе ауруына қарсы күнге арналған. Айта кетейік бұл дата 24 наурызға белгіленген. Осы уақыт аралығында қала тұрғындары медициналық тексерістен өте алады.

Болатхан САҒЫМБЕКОВ, Түркістан облысының фтизиопульмонология орталығының бас дәрігері: «Біз нәтижелі емге қол жеткізуіміз керек. Ол үшін бізде барлық мүмкіндік бар. Нәтижелі ем мен тиісті тексеру жүргізу арқылы аурудың бетін бері қайтаруымыз керек. Себебі бұл емі бар ауру».

Айта кетейік, өткен жыл туберкулез жұқтырғандар үшін де оңай соқпады. Себебі аталмыш аурумен күресіп жүргендер коронавирус жұқтыру қауіпі бар науқастар қатарында болды. Және тексерілуге келгенде өкпе ауруымен қатар қатерлі індет те табылып жатты.

Назерке Үкібасова