Шымшаһарда жаяу жүргіншілер өткелін проекциялық жарықтандырудың сынақ жобасы іске қосылды.

Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов фейсбуктағы аккаунтына жазды.

— Қаламызда жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жаңа осындай жобаны қолға алып жатырмыз. Әзірге тек Сыпырған Ата көшесі мен Әл-Фараби көшесінің қиылысы, Темірлан тас жолындағы «Satti zhol» жанар-жағармай бекетінің маңына пилоттық жоба ретінде орнатылды, – дейді Максут Исахов.

Оның айтуынша, жаяу жүргіншілерге арналған проекциялық өткел әдеттегі жол белгілеуінен көптеген артықшылықтарға ие.

– Мәселен, проекция жаяу жүргіншіні жарықтандырады және оны қараңғыда айқын көрсетеді, автомобиль фараларының жарықтығы мен бағытына байланысты емес, түрлі ауа-райында, жолда қар, шұңқырлар, мұз, батпақтар болған кезде де көрінеді, – дейді М. Пернебайұлы.