Шымкентте экология мәселесі өзекті. Қала аумағында орналасқан кәсіпорындардан қоршаған ортаға келтірген залалды өндіру жөнінде 435 млн. теңгеге 36 нұсқама беріліпті.

Ауаға зиянды заттар шығарындыларын азайту бойынша ірі 4 кәсіпорынға жаңа технологияларды пайдалану талаптары күшейтіліпті. Бұл туралы қалалық экология департаментіндегілер мәлімдеді. Жауаптылар айтуынша, қалада сондай-ақ жер қойнауын заңсыз пайдаланғандар жауапқа тартылуда.

Қадырхан БЕЙСЕНБАЕВ, Шымкент қаласы бойынша экология департаменті басшысы міндетін уақытша атқарушы: «Экологиялық заңнамаларық талаптардың орындалуы бойынша жоспардан тыс тексеру барысында «Наурыз-25″ серіктестігінде  тас майдалайтын қондырғысынан  аққан  лас  су Сайрам өзеніне төгілгені, және жер қойнауындағы  қазбаларды  заңсыз пайдаланғаны анықталды. Соттың шешімімен қондырғының жұмысы тоқтатылды,  жер қойнауын пайдалану бойынша келісімшарт  қайтарылып, залал келітірілген 23 га  аумақты рекультивация жасау  міндеттелді».

Былтыр экологтармен 54 тексеру жүргізіліп, жалпы сомасы 20 млн. теңгеден астам 340 әкімшілік айыппұл салынған. Ғарыштық мониторинг арқылы бей – берекет қоқыс үйінділерінің 88 координаттық нүктелер анықталып, аудан әкімдіктерімен тазаланған.

Ағымдағы жылы Қаратау және Әл Фараби ауданында осындай олқылықтар анықталыпты. Ал апта басында көпті шошытқан Бадам өзеніндегі балықтардың қырылу фактісі бойынша әлі сараптама қорытындысы шықпапты.

«8-ші наурызда экология департаменті балықшылармен бірге судың сынамасын жүргізді. Оның нәтижесі 5 күнде белгілі болады, дүйсенбі күні айтамыз», деп жауап қайтарды тілішінің сауалына  Шымкент қаласы бойынша экология департаменті басшысы міндетін уақытша атқарушы Қадырхан БЕЙСЕНБАЕВ.

Шынар Оразова