Шымкенттік келіншек он баланың анасы атанды.

Шекесі торсықтай ұлды дүниеге әкелген 41 жастағы Айжан Пайшанованың бұған дейін 6 ұлы, 3 қызы болған. Дәрігерлердің айтуынша бала мен ананың қазіргі жағдайы жақсы.

Айжан Пайшанова, көпбалалы ана:

«Мына Нұрсәттегі перзентханаға алғысым шексіз. Сіздерге, бәріңізге рақмет айтам. Барлық жағдай жасалған. Дәрігерлер дембе-дем балама да, өзіме де жақсы қарап жүр».

Денсаулық сақтау басқармасындағылар Шымкентте демографиялық өсім жақсарып келетінін айтады. Жыл басынан бері қалада 4892 сәби дүниеге келген. Жылдың алғашқы екі айында өмірге келген сәбилердің басым бөлігі ұл балалар екен.

 Мөлдір Ибадуллаева