Шымкент қаласы Қаратау аудандық полиция басқармасының «102» телефонына 42 жастағы қала тұрғыны арызданған. Ол өз арызында ғаламтор желісі арқылы «OLX» сайтына өзіне тиесілі «аю» ойыншығын жарнамалап қойғанында, белгісіз тұлға ұялы телефонына қонырау шалып, сол ойыншығын сатып аламын деген.

Алайда, ол ақпараттық жүйені пайдалану жолмен алдап, банктегі есеп шотының нөмеріне ақша жіберемін деп сеніміне кіріп, онда болған 74.000 теңге ақшасын иемденіп алғанын көрсеткен.

Қаратау аудандық полиция басқармасының Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлерімен күдікті азамат анықталып, басқармаға жеткізілді. Тексеру жұмыстары жүргізілуде.

Естеріңізге сала кетейік, банктер болсын, құқық қорғау орындары болсын, еш уақытта сізге телефонмен хабарласып немесе мессенджермен жазып, логин, пароль секілді құпия мәліметтерді сұрамайды. Тіптен, қажет болған жағдайда, банк қызметкері сізге хабарласып, бар мәселені нақтылау үшін «біздің кез келген бөлімшемізге келіп кетіңіз» деп өтінуі мүмкін.

Өз кезегінде, Шымкент қаласы Полиция департаменті азаматтарға алаяқтың құрбаны болмас үшін, жеке басыңызға қатысты мәліметтерді телефон арқылы айтуға, интернет желісі арқылы ешкімге жарияламауға шақырады.

QAINAR KÓZШымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі