Шымкентте күрестен жастар арасындағы жарыс өтті. Сайысты SILKWAY университеті ұйымдастырды.

Жарысқа жиналған 20 балуан бәсекеде барын салып, бақ сынады. Солардың бірі — Ағзам Расулов. Спортшы жеңіс үшін келгенін айтады. Сөзінше, қарсыластары да осал емес.

Ағзам РАСУЛОВ, спортшы: «Менің басты — мақсатым чемпион атану. Одан кейін олимпиадаға бару.»

Жарыс ұйымдастырушыларының бірі SILKWAY университеті өкілдерінің сөзінше, күрес түрлері жаңғыра берсе, өткізілетін жарыстардың да саны артпақ.

Жарыс жеңімпаздарын білікті төрешілер анықтайды.

№ KZ80LAA00012923 лицензиясы 02.03.2016 ж. ҚР ҒжБМ берілген