2021 жылғы 12 наурызда абаттандырылған санитарлық тораптармен сервистің 11 павильонын орнату бойынша келісімге қол қойылды. Шағын және орта бизнесті қолдау шаралары аясында демалыс алаңдарында «Feanor» ЖШС және «СӘТНҰР» ЖК жеке инвесторларының есебінен жол бойындағы қызметтерді ұсына отырып, сервистің заманауи модульдік павильондары орнатылады.

Бүгінгі таңда ақылы және жоспарланған ақылы автомобиль учаскелерінің бойында 310 бос демалыс алаңы бар, осы орындарға «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ барлық мүдделі тұлғаларды қолжетімді шарттармен жол бойындағы қызмет көрсету және сауда саласында бизнес бастауға шақырады.

Демалыс алаңдарын жауапты сақтауға беру механизмі екі негізгі алғышартты қарастырады: кәсіпкер демалыс алаңы аумағындағы тазалықты қадағалап, жылы әжетханалары (санитариялық-гигиеналық тораптары) жапсарлас салынған модульдік павильондар (демалыс алаңдарында күрделі құрылыстар салуға тыйым салынады) орнатуы тиіс. Бұл ретте «ҚазАвтоЖол» ҰК » АҚ электр қуатын, ұңғыма мен септик құрылғыларын жүргізу мүмкіндігін қарастырады. Бұдан басқа, демалыс алаңынан жөндеу, қар тазалау және қоқыс шығаруды өз мойнына алады.

Шағын бизнесті қолдау үшін алаңдар тегін негізде жауапты сақтауға беріледі. Жергілікті кәсіпкерлерге басымдық беріледі.

Жауапты сақтау алаңын алу үшін әлеуетті инвестор «ҚазАвтоЖол «ҰК» АҚ сайтында қажет www.qaj.kz «жол бойындағы сервис» бөліміне кіріп, объектілер санатын таңдап, өтінім қалдыру керек.