Төлеби ауданының әкімі Төлеген Тұртайұлы арнайы жұмыс сапарымен ауданды аралау барысында аймақтағы іргелі өндіріс орындарының бірі – «Балмұздақ» ЖШС-ң жұмысымен танысты.

Онда балмұздақ цехында болып, алдағы даму жоспарларына қанықты. Цех 2012 жылы құрылған, негізінен балмұздақ өнімдері, тұшпара, шоколад және шоколад глазурін өндіреді. 2019 жылы шоколад цехы іске қосылып, жалпы 800 млн теңге инвестиция тартылған.

Сонымен қатар, 2020 жылы балмұздақ өнімдерін арттыру мақсатында жаңа құрал-жабдықтар сатып алынған. Бүгінгі күні кәсіпорында 210 адам еңбек етеді. Олардың орташа айлық жалақысы 60-70 мың теңге аралығында. Цех толық қуатында жұмыс істегенде жылына 2 950 тонна балмұздақ, 15 тонна тұшпара және 1 000 тонна шоколад өндіре алады. Бүгінде «Turkistan» атауымен арнайы брэндті шоколад өндіріп келеді. Кәсіпорын өндіретін өнімдер еліміздің барлық өңіріне шығарылады.

Аудан басшысы, кәсіпорынды аралау барысында жергілікті өнім өндірушілерге мемлекеттік қолдау шаралары аясында жан-жақты көмек көрсетілетінін атап өтті.