Тұрғындар сапасыз жөндеудің зардабын тартуда

167

 

 

Біздің редакцияға Шымкенттегі А. Асқаров көшесіндегі №43 үйдің тұрғындары өтінішпен хабарласты. Айтуларынша, оларды алдап соққан. Алғашында үйдің шатыры тегін жөнделеді делініпті, кейіннен жұмыстар аяқталған соң ақысын төлеу міндеттелген. Енді тұғындар модернизациялық жұмыстар үшін 20 млн теңге төлеулері тиіс. Алайда халық бір тиын да бермейміз деп бекініп отыр.
Бұл үйдің тұрғындары тәулік бойы ауа райын бақылаумен әлек. Жаңбыр жауып бастағаннан-ақ шара мен шелектерін дайындайды. Өкініштісі бұл үйдің шатыры жөндеуден жақында ғана өткен. Тұрғындардың айтуынша, ол үшін 20 миллион теңге қаражат жұмсалған. Жаңбыр жауған кезде пәтерлердің төбесі мен қабырғалары су болады.

Назира Сайфуллина, Асқаров көшесіндегі №43 үй төрайымы:
» Менің шатырымнан су ағып жатыр, дәл осы жерден ағып жатыр, міне қазірде ағып жатыр. Жаңа жыл алдында жаңбыр жауды, сол кезде бу шығар деп ойладым. Жоқ ағып жатқан су екен. Кімге хабарласуға болады? Мен шақырдым. Ал олар маған тек сіздің шатырыңыздан ғана су өтіп жатыр деп ойлайсыз ба деп айтты. Мен жөндеу ақысын 15 жыл төлеймін деп айтым».

Үй төрайымының айтуынша, шатырды жөндеуден өткізеді деген үмітпен бірнеше жылдан бері аудан әкімдігінің есігін қағып келген. Ондағылар су ағып жатқан шатырды тегін ауыстыруға уәде еткен екен, бірақ қаңтарда жөндеу ақысын төлеу туралы түбіртек келіпті. Енді 15 жыл ішінде әр отбасы 200 мыңнан астам ақша төлеуі тиіс.


Назира Сайфуллина, А. Асқаров көшесіндегі №43 үй төрайымы:
«Абай ауданы әкімдігіндегі Алтаева Гүлжан маған уәде берді. 5 жыл бойы барғанымда ол үнемі тегін, тегін деп айтатын. Біз оған сендік. Сосын бір күні ол тұрғындардың қолын қойдырып кел деді. Мен оны бір күнде жасап алып бардым. Мен Гуля тегін бе деп сұрадым? «.

Тамара Кривенко,  А. Асқаров көшесіндегі №43 үйдің тұрғыны:

«Міне, қасымыздағы 43А нөмірлі үйде үш жыл бұрын күрделі жөндеу жүргізілді. Жертөлесі пластикалық құбырлармен алмастырылды, подъездері кафель, шатыры черепицадан, суға төтеп беретін құбырлар, сыртқы қаптау, тұрғындар бір тиын төлемеді, біз де солай етеміз деп үміттендік, біз басқа мемлекетте емеспіз ғой. Шатырды жөндей бастағанда, біз мұны тегін жасайтынымызға сенімді болдық. Бірақ содан кейін қаңтарда бізге күрделі жөндеуден өткені үшін шот-фактура берілді».

А. Асқаров көшесіндегі бұл тұрғын үйдегілердің көбі зейнеткерлер мен аз қамтылған отбасылар. 100 пәтер бар. Тұрғындар сөзінше жөндеу жұмыстары тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту бағдарламасы бойынша жасалған. Алайда, жөндеу құны өздерінің келісімсіз басталып кетіпті.

«Ешқандай жиналыс болған жоқ, келісім-шарт та болған жоқ, Орындалған жұмыстар актісі жасалмады, соңғы қабаттағы зейнеткерлерден төртеуі қол қойды, бірақ бұл қолдар жалған! Алайда, осы актінің негізінде бізге төлеу құны ұсынылды. Бұл заңсыз «, дейді тұрғындар.


Бұған дейін бұл үйде сейсмикалық күшейту жұмыстары тегін жүргізіліпті. Ал шатырды жөндеу шығынын төлеу тұрғындарға ауыр соғуда.

Гүлжан Алтаева,  Абай ауданы бойынша инфрақұрылым және абаттандыру бөлімінің бастығы:
«Олардың өтініші бойынша хаттамалардың келісімі қабылданып, тұрғын үй бөліміне жіберілді, өйткені оларға шатырды ауыстыру қажет болды. Осыған байланысты «тұрғын үй» компаниясымен келісім шарт негізінде жөндеу жұмыстары жүргізілді, өйткені әкім аппаратының араласуға құқығы жоқ, төлем тұрғындар тарапынан жүргізіледі  жаңғыртудың барлық бағдарламалары ақылы түрде жүргізіледі «.

Коммуналдық қызметкерлер болса, тұрғындар «Тұрғын үй» ЖШС-іне сенім артып, келісімшарт жасасты деп сендірді.

Кирилл Дондуков, «Тұрғын үй» ЖШС директоры:
«Абай әкімдігінің аппараты ұсынған өтініш келіп түсті, олар бізді таңдап, жөндеу жұмыстарын жүргізгісі келіпті. Тұрғындар, біз және мердігер ұйым арасында үш жақты келісімге қол қойылды егер азаматтар келіспесе, жөндеу басталған кезде бұл туралы мәлімдеуге болатын еді, алғашқы шағым бізге ақпан айында келіп түсті. Тұрғындар осы шешімдердің барлығына заңды түрде шағымдануға құқылы».

Мамандар су өтіп жатқан шатырды жөндеуге, тіпті жауын суының үй қабырғасына шашырамауының жолын жасап беруге уәде етті. Бірақ модернизациялық жұмыстардың ақысы бәрібір төленуі тиіс. Ал 43-ші үйдің тұрғындары бұған келіспейді және сотқа шағымдануға ниетті.

       Мөлдір Ибадуллаева