Түркістан облысының аграршылары 2020 жылды толағай жетістіктермен қорытындылады

116

Түркістан облыстық ауыл шрауашылығы басқармасының басшысы Нұрбек Бадырақов өткен жылы  атқарылған жұмыстар бойынша есеп берді:

Нұрбек Бадырақов, Түркістан облысы ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы

Облыстың агроөнеркәсіп кешенінде Елбасы тапсырмасы жоғарғы деңгейде орындалды.
Агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында 2015 ж. деңгеймен салыстырғанда:
-Ауыл шаруашылығы жалпы өнімі 1,8 есе өсіп, 729,7 млрд. теңгені құрады, Республикада 3 орын;
– Ауыл шаруашылығының негізгі капиталына 58,1 млрд. тг инвестция тартылып 8,7 есе, тамақ өнімдеріне 9,5 млрд. тг инвестиция тартылып, 3 есе өсім көрсетті.
– Өңделген ауыл шаруашылығы өнімінің экспортының көлемі 5 есе өсіп,
105,1 млн. АҚШ $ -ға жетті;

Облыста 10-нан аса ауыл шаруашылығын қаржыландыру көздері бар

– Агроөнеркәсіп кешеніндегі бір жұмысшыға шаққанда еңбек өнімділігі 2500 мың теңгені құрап, 2,2 есе өсті.
Жалпы өнім көлемі мен еңбек өнімділігін арттыруда өңірде озық технологияларды ендіру тікелей серпін берді.
– «Бір алқаптан 2-3 өнім алу» жобасы 5,2 мың га алқапқа ендіріліп,
1999 шаруанының табысын арттыруға қол жеткізілді. Осы жобалар есебінен
15,0 млрд.тг өнім қосымша өндірілді.
– Жеке қосалқы шаруашылықтарды дамыту бойынша үйіргелік жерлер жаңа тәсілмен игеріліп 286 жоба іске асты. Оның 105 жобасы Еңбек бағдарламасымен мемлекеттік грант есебінде жүзеге асырылды.
Соңғы екі жылда:
– Егіс көлемі 34,4 мың га артып 847,9 мың га құрады.
– Көкөніс-бақшадан 2,7 млн. тонна, дәнді дақылдардан 745,0 мың тонна, жеміс-жүзімнен 204 мың тонна өнім жиналды.

Бүгінге дейін 1 877 жеке тұлғаларға 427,3 млн теңгенің несиесі беріліпті. Бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 4,4%-ға артық көрсеткіш. Сосын «Сыбаға» бағдарламасы бойынша мал шаруашылығын дамытуға да қомақты несие үлестірілген

Мал басы мен өнімділік орташа 13,0 % артты.
– ІҚМ саны 13,6 % артып 1 млн. 130,0 мың басты, қой-ешкі саны
12,5 % артып 4 млн. 602,0 мың басты, жылқы саны 18 % артып 377,0 мың басты, түйе саны 21 % артып 34,0 мың басты құрады.
– Түйе шаруашылығын дамытудың өңірлік іс-шарасы аясында 2020 ж. өзінде 4279 бас түйе сатып алынды.
– Ет өндіру 8 % артып 240,0 мың тонна, сүт өндіру 7 % артып 748 мың тонна, жұмыртқа өндіру 14 % артып 216 млн. дана өндірілді.
Республика бойынша ірі қара мал санының 14,4 %, ұсақ малдың 23,0 %, жылқының 12,1 %, түйенің 15,1 % және өндірілген еттің 12,0 %, сүттің
12,5 % өңірдің үлесінде.
4 ірі су нысанының құрылысы қарқынды жүргізілуде.
– «Түркістан магистралды каналын күрделі жөндеу» жобасы. 22,0 шқ. бетонмен қапталды 11,3 млн. м3 ағын су үнемделді. Жобаны аяқтау нәтижесінде 59,0 шқ. бетонмен қапталып 60 млн. м3 ағын су үнемделеді.
– «Сиымдылығы 18,5 млн.м3 «Кеңсай Қосқорған-2» су қоймасын салу» жобасы. Үлкен дамбы биіктігі 24 м. көтерілді, 40% бетондалды, кіші дамбы толықтай тұрғызылды. Жобаны аяқтау нәтижесінде 34,0 млн.м3 ағын су жиналады.
– «Жетікөл көлдер жүйесін жаңғырту» жобасы. 34,5 шқ дамба көтерілді, 150,0 млн.м3 ағын су жиналды. Жобаны аяқтау нәтижесінде, Түркістан қаласының экологиялық жағдайы жақсарып, орта шағын бизнестер және туризм саласы дамиды..
– «Машиналық әдіспен су беру» жобасы. Нәтижесінде, жылына 53 млн м3 ағын су қосымша жеткізіледі.
Ағымдағы жылы Жетісай ауданындағы тұзданған жерлерді қалпынан келтіру және тұзданудың алдын алу мақсатында облыстық бюджет есебінен ұзындығы 291,5 шақырым 57 қашыртқыға механикалық тазалау жұмыстары жүргізіледі.
Түркістан қаласы аумағында азық-түлік белдеуі қалыптастыру жобасы аясында құны 46,7 млрд.тг құрайтын 6 ірі инвестициялық жобалар жүзеге асырылуда.
1. «1 200 басқа арналған заманауи тауарлы-сүт фермасы құру» жобасы;
2. «829 гектарға жаңбырлатып суару технологиясын қолдана отырып, мал азықтық дақылдардар өсіру» жобасы;
3. «10,0 мың басқа арналған мал бордақылау алаңын құру» жобасы;
4. «Жылына 20,0 мың тонна құс етін өндіру» жобасы;
5. «400 га қара өрік отырғызу» жобасы;
6. «50 гектарға жылыжай кешенін құру» жобасы.
– Ауыл шаруашығы жерлерін тиімді игеру мақсатында «Грин Поинт» су және жер ресурстарын басқаруға арналған үлкен деректерді талдаудың цифрлық платформасы өндіріске ендірілді. Жоба соңғы 5 жылда жерді пайдаланып/пайдаланбағандығы, ауыл шаруашылығы дақылдарының түсімділігі, су тұтыну көлім анықтауға мүмкіндік берді.
– Ветеринариялық қауіпсізді қамтамасыз ету мақсатында аудан/қалалық 16 ветеринариялық ұйымдар орталықтандырылып, облыстық «Ветеринариялық қызмет» МКК құрылады. Бұл кәсіпорынға 16 арнайы техника және құрал жабдықтармен толық қамтамасыз етіледі.
– 2021 жылы агроөнеркәсіп кешенінде 25 бағытты қамтитын даму жоспары әзірленді.
– 140 га жылыжайлар, 4065 га тамшылатып суғару әдісі ендіріледі, 1050 га қарқынды баулар отырғызылады;
– 6 бірлік жұмыртқа бағытындағы, 11 бірлік етті бағыттағы құс фермалары, 9 бірлік 400 бастан жоғары тауарлы сүт фермалары, 12 бірлік 1000 бастан жоғары бордақылау алаңдары салынады.
– Шет елден 11290 бас аналық асыл тұқымды ІҚМ импорталады.
– 5153 бас түйе сатып алынады.
– 10000 тонна балық өндіріледі.
– Қайта өңдеу көлемі 115 % ұлғаяды.
– Жалпы өнім көлемі 850,0 млрд. теңгеге, еңбек өнімділігі 2830 мың теңгеге жеткізіледі.