Түркістан облысының самбошылары Ташкентте өтетін Азия чемпионатына аттанады

377

Қызылорда қаласында 16-20 наурыз аралығында самбо күресінен ҚР-ның чемпионаты өтті. Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында ұйымдастырылған чемпионат жасөспірім ұлдар мен қыздар арасында өрбіді.

Ел біріншілігінде спортшылар 10 медаль еншіледі. Атап айтқанда жасөспірім қыздар арасында +80 келіде белдескен Нұрила Асанқызы 1-орынға, 80 келіде Ұлбосын Әділова 2-орынға қол жеткізді. Сондай-ақ, Ақбота Қыдырәлі 65 келі салмақта 2-орын, Шолпан Алтынбек 44 келіде 3-орын иегері атанды.

Ал, ерлер арасында топ жарған Диас Давлятов пен Мирас Бақтыбай чемпионат жеңімпаздары болды. Еркебұлан Ахатов, Рамазан Сайлаубек, Рауан Назымханов 2-орынды, Бекарыс Шағырбай 3-орынды еншіледі.

Түркістан облысы самбо күресі федерациясының вице-перезиденті Самат Рысбековтің сөзінше, жалпы командалық есепте оңтүстік өңірдің оғландары 2-орынға ие болды. Ел чемпионы атанған балуандар 4-6 маусымда Өзбекстан астанасы Ташкентте өтетін Азия чемпионатына жолдама алды. 8-12 қазанда самбодан әлем чемпионаты Моңғолия астанасы Ұлан-батырда өтеді.