Ұлыстың ұлы күнінде ағаш отырғызу акциясы өтті

210

Шымкент қаласында Ұлыстың ұлы күні — әз Наурыз ме­рекесінде «Таза табиғат» экологиялық жалпыұлттық жобасы аясында ағаш отырғызу акциясы өтті. Игі шараға қала әкімі Мұрат Әйтенов, қала әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан және Қаратау ауданының арда­герлері мен депутаттары, қоғам­дық кеңестердің, жас­тар және во­лон­терлік ұйымдардың басшылары мен БАҚ өкілдері қатысты.

Қала басшысы бастаған топ әз Наурыз мерекесінде «Нұрсәт» тұрғын алабында орналасқан «Астана» аллеясына жина­лып, 250 түп қылқан жапырақты арша мен қара ағаш көшеттерін отырғызды. Осылайша, Президенттің орман алқаптарында 2 млрд, елді мекендерде 15 млн ағаш отырғызу туралы тапсырмасын орындау басталды.

Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мейрамымен құттықтаған Мұрат Дүйсенбекұлы өз сөзінде мерекеде тек той тойламай, қала аумағын тазалау және ағаш отырғызу жұмыстарына қатысуға шақырды. Сонымен қатар, отырғызылған жасыл желектерді кү­тіп-баптау жұмыстарын да жүйелі түр­де жүргізіп отыру керектігін жеткізді. Айта кетейік, көктемгі көгалдандыру кезінде әр ауданда 10 мың түп ағаш отырғызу жоспарланған

.
Жалпы Шымкент қаласында 6 миллионға жуық жасыл желек бар. Өткен жылы 2021-2025 жылдарға арналған «Жасыл белдеу» қалыптастырудың жоспары бекітілген. Жоспар бойынша 6,5 млн түп ағаш отырғызылатын болады. Осылайша, қаладағы ағаш қоры екі есеге артады.